Мемлекет басшысы өз Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Осыған орай елімізде 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл — әлемдік практикада кеңінен тараған тәсіл. Қоғамда бұл түйткіл соңғы 20 жыл бойы айтылып келеді. Аталған мәселе Жалпыхалықтық референдумның арқылы шешу қажет. Себебі, әр тұрғынның ойы аса маңызды.
«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан, мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді», – деді ол»,- деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы отырыс барысында Сенаттың жұмысын жоғары бағалады.
«Сенат 1995 жылы елімізде күрделі әрі тұрақсыз саяси жағдай болып тұрған сәтте Парламенттің жоғары палатасы ретінде құрылды. Ол кезде мемлекеттігіміздің негізі енді ғана қалыптаса бастаған аса қиын жолдың басында тұрған едік. Сенатқа мемлекет құру ісіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету тарихи міндеті жүктелді. Өткен 30 жылда Сенат өзінің осы аса маңызды тарихи миссиясын абыроймен, тиімді атқарып шықты», – деп түсіндірді ол.
Облыстық мәслихат депутаты Ербақыт Амантайұлының сөзінше, бұл өте маңызды мәселе болғандықтан, оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Себебі, аталған шешім арқылы мемлекетіміздің даму жолы айқындалады. Депутаттар іріктеліп, мықтылары Парламентте қалады.
Президент бір палаталы парламент құруды ұсынды
«Саяси тұрақсыздық кезінде қос палаталы парламент ауадай қажет болды. Әр сұрақты сүзгіден өткізу арқылы зор жетістіктерге жеттік. Қазіргі таңда депутаттар салық төлеушілердің арқасвнда жалақы алып отыр. Бұл шешім осы тұрғыда дұрыс деп есептеймін»,- деді Ербақыт Амантайұлы.
Айта кету керек, Сенат жалпыхалықтық референдумға дейін өз жұмысын жалғастырады.
Тағы оқыңыз: Ойыннан от шықты. Айыртау ауданында сіріңкемен ойнаған бала үйді өртеп жібере жаздады