Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.  

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Наурыз мейрамының бастауы болып саналатын бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Амал мерекесі – ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі, ағайынның амандығын сұрап, бір-бірімен көрісетін, бауырмалдықты арттыратын ерекше күн. Осынау жарқын мерекемен барша қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін», — делінген жазбада.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №1 қалалық ауруханада 35,4 млн теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *