Бүгін — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған орай ел тұрғындарын құттықтаған мемлекет басшысы бұл мереке татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы екенін атап өтті, деп жазады Qazastan Media.

Мемлекет басшысы еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатқандығын жеткізді.

«Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.
Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді», — деді Тоқаев өз құттықтауында.

Сонымен қатар президент халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершіліктің арқасында өсіп-өркендей беретіндігіне сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: «Таза Қазақстан» акциясына мыңнан астам уәлихандық ерікті қатысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x