Президент сапары

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» ЖШС-інде болып, қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өндіріс орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрика жұмысының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаны субсидиялауға қаржы бөлінген.
Қағаз өнімдері фабрикасы – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана. Қазіргі кезде өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай құрылысы жүріп жатыр.

Президент елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және халық тұтынатын тауарлар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.

Тағы оқыңыз: Қ.Тоқаев: «СҚО-да мал шаруашылығы өнімдерін шығаруға мол мүмкіндік бар»

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x