Облысымызға жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жуырда ашылған «Ботай» монументінде болды. Шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекте бой көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Нысан Петропавлдың 273 жылдығына орай ашылған. Алыстан көз тартар өнер құрылысы — алғаш рет жылқының қолға үйретілгенінің символы. Биіктігі 14 метрді құрайды.
Төменгі бөлігі граниттен қашалса, жоғарғы жағы, яғни ат, ер адамның бейнесі, жер шары мен таңбалы тастар қоладан жасалған. Аумағы толығымен абаттандырылған. Жанына орындықтар қойылған.

Премьер-министрдің орынбасары «Ботай» монументіне оң бағасын берді
Премьер-министрдің орынбасары «Ботай» монументіне оң бағасын берді

«Ескерткіштің дизайны көңілімнен шықты. Өте әдемі. Тұмса табиғатымен танымал, тарихы терең теріскейде осы сияқты нысандар көптеп ашылғанын қалаймын»,- деді Ермек Көшербаев.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әр облыста есірткімен күрес штабы құрылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *