Полтавка ауылындағы өрт туралы тың деректер пайда болды. Қайғылы оқиға 17 қыркүйек күні кешке болды. Өртте екі ер адам мен бір әйел көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.

Белгілі болғандай, марқұм болған 58 жастағы әйел үйдің иесі екен.  Ал тілсіз жаудан көз жұмған ер адамдардың бірі үйге қонаққа келген, екіншісі үй иесі қызының азаматтық некедегі күйеуі болған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша іс қозғалғанын айтты. Бұл бап «екі немесе одан да көп адамды өлтіруді» қарастырады.

«17 қыркүйекте Полтавка ауылында болған өрттен үш ауыл тұрғыны көз жұмды. Олар – 58 жастағы әйел және 46 мен 44 жастағы екі ер адам», – деді полицияның баспасөз қызметі.

Адам өлтіру фактісіне қатысты күдікті ұсталды ма, жоқ па белгісіз. 

Өрт кезінде үш адамның денесі табылғанын құтқарушылар да растады. Олар оқиға орнына дер кезінде жеттік дейді.  Полтавка ауылы аудан орталығынан 13 км қашықта орналасқан.

«Өрт туралы хабарлама 17 сағат 08 минутта түсті. Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар келген кезде үйдің шатыры жанып жатты. От 40 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», – деп атап өтті СҚО ТЖД.

Айта кету керек, осыған ұқсас оқиға биыл мамыр айында Жамбыл ауданының Пресновка ауылында орын алған болатын. Онда ер адам ерлі-зайыптыларды өлтіріп, кейін қылмысты жасыру үшін мәйіттерді өртеп жіберген. Кейін қылмыскер ұсталып, 20 жылға сотталды.

Тағы оқыңыз: Қазақстан білім беру жүйесіне жасанды интеллекті  енгізудің ұлттық моделі бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *