Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Полицейлер мен «Қазгидромет» мамандары бірігіп, өңір тұрғындары мен жүргізушілерге сақтық ескертуін жасады, деп жазады Qazaqstan Media.
Синоптиктердің дерегінше, демалыс күндері ауа температурасы нөл градусқа дейін көтеріледі. Мұндай жылымық аралас жауын-шашынға, көктайғақтың пайда болуына және кей жерлерде боран соғуына әкелуі ықтимал.

Құбылмалы климат жолда қауіпсіздік талаптарын күшейтуді қажет етеді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушілерге:
-
ауа райы болжамын ескеруге;
-
көліктің техникалық жағдайын тексеруге;
-
жылдамдық режимін қатаң сақтауға;
-
қауіпсіз қашықтықты ұстануға;
-
қажет болмаса ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.
Биылғы 11 айда СҚО аумағында 542 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 710 адам жарақат алған. Оның ішінде республикалық маңызы бар трассаларда 104 апат болып, 173 адам зардап шекті.
Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері өңір тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығында аса мұқият болуға шақырады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам иіс тиіп қаза тапты

