Солтүстік Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілді. «Anti-fraud» жүйесінің көмегімен жыл басынан бері жәбірленушілерге 35 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы аудан орталықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар жергілікті полицейлерге интернет-алаяқтықты анықтау және жедел бұғаттау тәсілдерін үйретуде. Аудандық бөлімшелерге ҚР ІІМ-нің «Anti-fraud-орталық» және «Кибернадзор» жүйелері орнатылып жатыр.

«Anti-fraud» жүйесі алаяқтардың қысымымен жасалып жатқан ақша аударымдарын дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұғаттау тек облыс орталығынан жасалса, енді аудандық қызметкерлер де бұл әрекетті өздері орындай алады. Бұл — маңызды минуттарды үнемдеп, тұрғындардың ақшасын тезірек қорғауға жағдай жасайды.

Ал «Кибернадзор» жүйесі интернеттегі жалған жарнамаларды, күмәнді сілтемелерді және өзге де заңға қайшы контентті бұғаттауға бағытталған. Биыл СҚО полицейлері 3670 сілтемені бұғаттаған. Енді бұл жұмысқа аудандық бөлімшелер де толыққанды қосылды.

Халықпен кездесулер барысында полицейлер кең тараған алаяқтық схемалары туралы түсіндіріп, киберқауіптерге қарсы сақтық шараларын үйретуде. Соңғы уақытта алаяқтар дропперлермен қатар «активаторларды» да тарта бастаған. Олар — өз WhatsApp нөмірін қылмыскерлерге беріп, әлеуетті жәбірленушілермен хат алмасуға жағдай жасайтындар. Мұндай әрекет — қылмысқа сыбайлас болу және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық зауыт бір миллиард теңгеге қондырғы сатып алуды жоспарлап отыр

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *