Петропавлдық полицейлер 68 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықтады. Заңбұзушылықтар қараша мен сәуір айларының аралығында тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada Priora автокөлігі шетелдік есепте тұрған. Өткен жылдың қараша айынан бастап ол жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан асып кеткен. Заңға қайшы әрекеттері үшін салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Құқықбұзушының деректері бағдарға енгізілді. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда Петропавл қаласының полицейлері бір айда белгіленген жылдамдықты 32 рет асырған 22 жастағы азаматты жауапқа тартты. Саумалкөл ауылында осындай ережебұзған жүргізуші ұсталды. Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысыережесін бұзған. Екеуі де ресейлік есепте тұрған ВАЗ автокөліктерін басқарды. Оларақылдыбейнекамералардың көмегімен анықталды.

Облыста жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркеудің 35 бейне жүйесі жұмысістейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер жол-көлік оқиғаларын жиі тудыратын бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, аялдама желісі мен жылдамдық режимін бұзу фактілерін анықтайды. Олар полицияның сенімді құралы саналады. Жыл басынан бері олардың көмегімен СҚО жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. АБК пайдаланудың оң рөлі оларды орнату орындарында бірде-бір жол-көлік оқиғасына жол берілмегендігінен айқын көрінеді”, – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x