PIZA халықаралық рейтингі бойынша СҚО көш бастап тұр

PIZA – білім сапасын бағалайтын халықаралық бағдарлама. Үш жылда бір рет осы ұйымға мүше болған 15 жастағы оқушылар математика, жаратылыстану, оқу сауаттылығы және креативті ойлау бойынша арнайы тест тапсырады. СҚО – PIZA халықаралық рейтингінің креативті ойлау санатында республика бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2022 жылы «Парасат» мектеп лицейінің 25 оқушысы PIZA білім сапасын бағалайтын халықаралық бағдарламаға қатысып тест тапсырып, үздік нәтиже көрсеткен.  «Парасат» мектеп лицейінің география пәнінің мұғалімі Асылтас Базкенованың айтуынша мұғалімдер оқушыларды түрлі әдістерді қолданып дайындаған.

«Мұғалімдер түрлі әдіснаманы қолданды. Біріншіден бұл мұғалімдердің өздерінің жеке шығарған әдістемелік құралдары. Сол арқылы оқушыларды дайындады. Тағы да түрлі платформаларды қолдандық. Педагогикалық шеберлік орталығының арнайы дайындаған тапсырмалары болды.Осылайша республикада үздік нәтиже көрсеттік», – деді  «Парасат» мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Асылтас Базкенова.

Тағы оқыңыз:Арман Шаққалиев: Жергілікті кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x