Петропавлдық еріктілер «Жақсылық жаса» акциясы аясында жалғызбасты қарияларлар мен мүгедектерге көмектесті. Олар жер үйде тұратын жандардың отын-суын тасып, ауладағы қалың қарды тазалап берді, деп жазады Qazaqstan Media.
Любовь Жабинаның жасы 87-де. Ойқала ауданының тұрғыны үшін қыс мезігілі, әсіресе қиын. Себебі, денсаулығы сыр берген қария ауладағы қарды тазалай алмайды. Сондықтан зейнеткер жастардың көмегіне жылда жүгінеді екен.
«Жалғыз тұрамын. Ешкімім жоқ. Сондықтан көмек керек кезде хабарласамын. Бетімді ешқашан қайтарған емес. Үлкен алғысымды айтамын. Барлығы жабылып біраз шаруамның басын қайтарады», — дейді жастарға алғысын айтқан қала тұрғыны Любовь Жабина.
Петропавл жастар ресуртық орталығының еріктілері қарияға отынын кіргізісіп, суын да тасып берді. Сырт көзге қарапайым күйбең тірлік болып көрінгенімен, жалғызбасты кейуана үшін маңызды іс.
«Қазір жастар ресурстық орталығымен қоғамдық дамыту және ақпарат орталығы бірлесе «Жақсылық жаса» акциясын өткізіп жатыр. Любовь Павловнаға жиі келеміз. Жалпы бізден көмек сұрап күніне үш-төрт адам хабарласады. Көбі жалғызбасты қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар. Барлығына қол ұшын созуға тырысамыз», — дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 29 жастағы жігіт вейпті Telegram арқылы сатып келген