Петропавлдық студент алғаш рет дауыс берді

Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті алғаш рет дауыс берді. Референдум учаскесіне келген жігітке сыйлық табысталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледждің студенті Николай Гаркуша үшін бүгін маңызды күн. Дәнекерлеуші мамандығына оқып жатқан жігіт бір ай бұрын ғана 18 жасқа толған.

«Ел үшін осындай маңызды күні үйде ұйықтап жата алмадым. Сондықтан референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Кішігірім сыйлық та берді. Өте қуаныштымын. Енді бұл блакнотқа жаттығу мен сабақ кестесін жазып отырамын», — дейді колледждің 3 курс студенті Николай Гаркуша.

Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті алғаш рет дауыс берді. Референдум учаскесіне келген жігітке сыйлық табысталды

Жалпы, колледжде орналасқан 636-шы сайлау учаскесінде 2087 дауыс беруші тіркелген. Олардың 70-і Николай сияқты алғаш рет өз таңдауын жасамақ.

«Таңғы 10.00-ға дейін референдум учаскесіне 74 адам келіп, дауыс берді. Әдетте тұрғындардың көбі түс кезінде келеді. Мен 2004 жылдан бері осындай саяси науқан кезінде комиссияға мүшелік етемін. Ал төраға болғаныма 10 жыл. Кез келген адам өз жұмысын біледі. Сондықтан барлығы талапқа сай өтіп жатыр», — деді № 636-шы референдум учаскесінің төрағасы Наталья Кельба.

Сондай-ақ аталған референдум учаскесінде 15 адам үйде дауыс беруге өтініш жасаған.

Петропавлдық студент алғаш рет дауыс берді Петропавлдық студент алғаш рет дауыс берді

 

Тағы оқыңыз: Петропавлда референдумға бірінші келген тұрғындарға сыйлық табысталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x