Петропавлдық полицейлер қаңғыбастармен жұмысты күшейтті

Петропавлда күз келісімен полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтармен жұмысты күшейтті. Күн сайын тәртіп сақшылары қаңғыбас жандар болуы мүмкін жерлерге рейдтер жасайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Көше кезіп, үйсіз жүретін жанжар көбіне жылу трассаларына, көппәтерлі үйлердің жертөлелеріне, базарлардың айналасында жүреді. Араларында із-түссіз жоғалғандар, қылмыс жасағандар, іздеуде жүргендер де кездеседі. Олардың жеке тұлғасын анықтау үшін полицейлер сәйкестендіру және тексеру үшін қабылдап-таратқышқа жеткізеді. Кейін барлығы тізімдік есепке қойылады.
Күз мезгілінің келуімен Жұмысшы кентінде «Жылы үй» өз жұмысын бастайды. Ол жерге полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды аяздан құтқару үшін жеткізеді. Жүргізілген рейдтердің бірінде қабылдап-таратқышқа тоғыз адам жеткізілді.

«Бұл жұмыс 16 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында күшейтілді. Жыл басынан бері іріктеу тобының қызметкерлері үйсіз адамдарды тексеру үшін 1600-ден астам рет жеткізді. Осы санаттағы адамдардың шоғырлану орындары анықталған жағдайда сіз қабылдап-таратқыштың кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-99 телефоны бойынша немесе «102» жедел арнасына жүгіне аласыз, – деді Петропавл қалалық ПБ бастығы Болат Баймақанов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда халықтық штабтың мүшелері колледж студенттерімен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *