26 қазанда Петропавл қаласында қалалық мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Мен, Жәнгірхан Қалижан, №13 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидатпын. Мен туған қаламыз Петропавлдың және оның әрбір тұрғынының игілігі үшін адал еңбек ету ниетіммін.
Менің өмірім мен кәсіби қызметім Петропавлмен тығыз байланысты. Осы қалада дүниеге келдім, өстім, білім алды. Мемлекеттік басқару мен өндірістік қауіпсіздік саласында тәжірибе жинадым.
Құрметті жерлестер!
Менің мақсатым —Петропавлды жайлы, қауіпсіз және заманауи қалаға айналдыру. Әр тұрғын мемлекеттік қамқорлықты сезініп, өз әлеуетін толық жүзеге асыра алатындай жағдай жасау.
Бағдарламамның негізгі бағыттары
- 1. Қауіпсіздік пен абаттандыру
- • Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандардың техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту.
- • Өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жетілдіру.
- • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын қолдау.
- • Аулалар мен көшелердің тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету.
- 2. Жастарды қолдау және жаңа мүмкіндіктер
- • Түлектер мен жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
- • Қалалық жастар саясатын дамыту. Бастамашыл және волонтёрлік қозғалыстарға жағдай жасау.
- • Жастар кәсіпкерлігін дамытуға инвестиция тарту.
- 3. Білім және адами капиталды дамыту
- • Қаламыздағы мектептер мен колледждердегі оқу жағдайларын жақсарту.
- • Техникалық мамандықтар мен дуалды білім беруді қолдау.
- • Оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту.
- 4. Жайлы қалалық орта
- • Қаланы көгалдандыру және абаттандыру бағдарламаларын қолдау.
- • Жаяу жүргіншілер аймақтарын, демалыс орындары мен балалар алаңдарын көбейту.
- • Жол және коммуналдық жұмыстар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту.
Менің ұстанымдарым
• Ашықтық пен адалдық — сайлаушылармен жұмыстың негізі.
• Жауапкершілік пен кәсібилік — шешім қабылдаудағы басты қағида.
• Диалог пен өзара әрекеттестік — әр тұрғынның пікірі маңызды.
Құрметті округ тұрғындары!
Мен сіздердің мүдделеріңізді қорғауға, құқықтарыңызды сақтауға және туған қаламыз Петропавлды бірге дамытуға дайынмын.
Бірлесе әрекет етсек қана — қауіпсіз, заманауи әрі жайлы қаланы қалыптастыра аламыз деп сенемін.
Дайындаған: «QazaqstanMedia» ЖШС, Петропавл қ., Брусиловский к-сі, 63/13
Тапсырыс беруші: қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қалижан Ж.Қ.
Төлем көзі: республикалық бюджет қаражаты