57 жастағы петропавлдық тұрғын моншаға барып, ауруханадан бірақ шықты. Ол ожауларды шатастырып, бетін ыстық сумен күйдіріп алған, деп жазады Qazaqstan Media.

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасының хабарлауынша,  57 жастағы ер адамның бет терісі күйген. Науқастың сөзінше, ол жарақатты үш күн бұрын моншада алыпты. Ожауды байқаусызда шатастырып, өз үстіне ыстық су құйып жіберген.

«Ауруханаға түскеннен кейін күйік алған жеріне хирургиялық өңдеу жүргізілді. Кейін науқас жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Қазір науқас антибиотик курсын алуда және күйік жарасы күн сайын өңделуде. Зақымданған терісі –денесінің шамамен 3% құрайды»,-деп хабарлады медициналық мекеме мамандары.

Дәрігерлер, кішігірім күйік алудың да салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертеді. Бетке зақым келген жағдайда инфекция, ісіну, тыртық пайда болуы, сондай-ақ көз аймағына зақым келсе, бет-жүздің немесе көру қабілетінің бұзылуы қаупі бар.

Тағы оқыңыз: СҚО палуаны Әлем кубогында қола жүлде еншіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *