Биыл Петропавл қаласының құрылғанына — 272 жыл. Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік бағдарламалар  екі күнге жоспарланған. Бүгін шаһарымыздың бас алаңында кішкентай тұрғындарға «Балалар қаласы»  атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кішкентайларға арналған іс-шаралар түскі 13:00-ге дейін жалғасады. Петропавлдың бас алаңында 6 ойын агенттігінен келген 20-дан астам аниматорлар мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Петропавлдың бас алаңында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды Петропавлдың бас алаңында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

«Биыл балаларға ерекше назар аудардық. Алаңда былтырғымен салыстырғанда аниматорлар көп. Әрі түрлі ойындарда ұйымдастырылып жатыр. Балалар- еліміздің болашағы. Сол себепті де, басты мақсатымыз оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Түрлі ойындар ұйымдастырылып жатыр. Нәтижесі бойынша үздіктерді марапаттайтын боламыз», — деді қалалық мәдениет үйінің балалар бөлімінің меңгерушісі Орал Машауов.

Ойын бағдарламасынан кейін алаңға жиналғандар үшін қалалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынады. Биыл бас алаңға балаларымен келген өңір тұрғындарының да қарасы қалың.

Петропавлдың бас алаңында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды Петропавлдың бас алаңында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

« Қала күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Балаларыммен бірге міне бас алаңға келдік. Түрлі ойын бағдарламалары да ұйымдастырылып жатыр. Аниматорлардың да саны көп. Осындай мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға үлкен рахмет», — деді қала тұрғыны Салтанат Әбдіхалық.

Сонымен қатар бас алаңда  тұрғындар үшін «Менің сүйікті қалам» интерактивті алаңы да ұйымдастырылған. Ол жерде кішкентай балалармен қатар ересектерде өз білімдерін сынай алады.

Петропавлдың бас алаңында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

 

«Интерактивті алаңда бес зона бар. Қатысушылар Петропавл қаласының тарихына, тарихи-мәдени орындарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, сыйлық жеңіп ала-алады. Сұрақтар тұрғындардың ыңғайлылылғы үшін екі тілде де қойылады. Қаламыздың ескі суреттерін де шығарып келдік. Оны қазіргі кезбен сәйкестендірулері керек. Поле чудес алаңы да бар», — деді И.Шухов атындағы қалалық кітапхана директоры Гүлназия Бекенова.

Петропавлдың бас алаңында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Қала күніне  арналған концерттік бағдарламалар ауқымды. Мерекелік іс-шаралар орталық алаңда таңғы 10:30-дан басталды.

Тағы оқыңыз:Петропавлда «QYZYLJAR MUSIC FEST» халықаралық фестивалі басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x