Петропавлдың қақ ортасында асфальт опырылып түсті

Петропавлда кәріз құбыры жарылып, асфальт опырылып түсті. Оқиға болған жерде қала басшылығы мен «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлері жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында болды. Қазір апат болған жер қоршалған. Жол жабық. «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, диаметрі 800 мм кәріз коллекторы зақымдалған.

«Бұл аталған коллекторда екі жыл ішінде болып отырған осымен, үшінші апат. Біріншісі, 2023 жылдың мамыр айында «Океан» базары маңында, екіншісі өткен жылдың күзінде «Бегемот» дүкенінің жанында болды. Коллектор ескі. Ол 1958 жылы салынған. Жағдайды зерттеп, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз», — деп түсіндірді оқиға орнында болған QM тілшісіне «Қызылжар су» ЖШС су бұру кешенінің бастығы Вячеслав Визеров.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін аталған коллекторды қайта құру жобасы әзірленетін болады. Ол 2025 жылға жоспарланған. Мамандар коллекторды қалпына келтіруге қанша уақыт кететінін әлі айта алмай отыр.

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x