Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл. Осыған орайПетропавлда академик, жазушы, ғалымның бюстіне облыс әкімі атынан гүл шоғы қойылып, жиналғандар атақты жерлесіміз жайлы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Евней Бөкетов осыдан 100 жыл бұрын Шал ақын ауданындағы Бағанаты ауылында дүниеге келген. Жастайынын білімге құмар жерлесіміз, қажырлы еңбегінің, ізденімпаздығының арқасында металлургия және химия саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол — көрнекті, академик, техника ғылымының докторы. Түсті және сирек металдардың химиялық технологиясы бойынша бірқатар жаңалықтар ашып, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосты. Сонымен қатар, Евней Бөкетов әдебиет саласында да сүбелі еңбек еткен.

«Евней Арыстанұлы Қарағанды халқына жаңа леп ала келді. Ол кезде біз журналист болып жұмыс істедік, араластық. Ол әдебиетті жақсы көрді. Тек академик,ғалым емес, публицист, жазушы, аудармашы, ақын деп тануымыз керек. Маяковскийдің, Ахматованың дастандарын қазақшаға аударды. Өзі де бірнеше көркем шығармалар жазды», — дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Зарқын Тайшыбай.

Петропавлдықтар Е. Бөкетовті еске алып, бюстіне гүл шоқтарын қойды
Петропавлдықтар Е. Бөкетовті еске алып, бюстіне гүл шоқтарын қойды

Евней Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университетінің негізін қалаушылардың бірі болып, оның ректоры қызметін атқарды. Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болды. 1966 жылдан техника ғылымдарының докторы, 1967 жылы профессор атағын алды. 1969 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.  

1983 жылы дүниеден өткен Евней Бөкетовтің есімі қазақ ғылымы мен мәдениетінің тарихында алтын әріптермен жазылған. Бүгінде Қарағанды университеті оның атымен аталады. Петропавл көшелерінің біріне жерлесіміздің есімі беріліп, бюсті орнатылған. Бүгін бюстке облыс әкімінің атынан гүл шоғы қойылып, жиналғандар академиктің рухынатағзым етті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да айт намазы сағат 7.30-да оқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *