Петропавлдықтар бірден төрт балабақшаны таңдап, өтініш бере алады

Қазақстанның бірнеше қаласында бірыңғай есеп базасының пилоттық жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Білім министрлігінде хабарлағандай, жоба Шахтинск, Петропавл, Атырау, Шымкент қалаларында және Павлодар облысының сегіз ауданында пилоттық режимде іске қосылған.

«Жаңа модель отбасының сұранысына қарай төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді. Пилот аяқталғаннан кейін кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы бүкіл ел бойынша қолжетімді болады», – деп атап өтті ведомствода.

EGov mobile арқылы баланы балабақшаға қалай кезекке қоюға болады?

EGov mobile-да «білім беру» бөлімін ашып, «балаларды балабақшаға кезекке қою» батырмасын басу керек.

  1. «Балаларды балабақшаларға кезекке қою» өтініш түрін таңдаңыз.
  2. Тізімнен кезекке қою керек баланы таңдаңыз.
  3. Егер жеңілдіктер болса, түрін таңдаңыз.
  4. Балабақшаны таңдау үшін «картадан» іздеу түрін таңдаңыз.
  5. Балабақшаның орналасқан жерін және оқу тілін таңдаңыз.
  6. Содан кейін «таңдаулыларға балабақша Қосу» түймесін басыңыз. Төрт балабақшаға дейін таңдауға болады.
  7. Балабақшаларды таңдағаннан кейін «қол қою» батырмасын басыңыз және қызмет көрсету үшін дербес деректерді пайдалануға келісімді растаңыз.
  8. Сізге қызмет көрсету нәтижесі туралы 1414-тен SMS келеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Көрісу күні аталып өтілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x