Петропавлда экология саласына қатысты білімді шыңдайтын шара өтті. Оған облыс орталығының колледж студенттерінен құрылған төрт команда қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.
Петропавлдық студенттер арасында мұндай шара осыған дейін де өткізілген. Жастар өз білімдерін сынап, логикалық сұрақтарға жауап берді.
«Экологиялық акция дегеніміз — ол тек қана сенбіліктер, тазалық жұмыстары емес. Ол қоршағанортаны қорғау, табиғатты аялау және ол жайында толық мәлімет білу. Біз осыған дейін де аталмыш шараларды ұйымдастырған едік. Жастар өте белсенді қатысты. Осыны ескере отыра тағы да экология саласындағы білімдерін сынауды жөн көрдік», — дейді қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Оксана Гончаренко.
Бұл жолғы сайысқа бес студенттен құралған төрт құрама қатысты. Олар үш кезеңнен тұратын жарыста алдымен қызықты сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тұстарын да көрсетті.
«Мен гуманитарлық техникалық колледж студентімін. Жалпы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық акцияларға ерікті ретінде көп қатыстым. Біз Бірлік ауданында тал егіп, ормандарды, саябақтарды қоқыстан тазарттық. Сонымен қатар, колледж маңында үнемі сенбіліктер ұйымдастырып отырамыз. Бұл ең алдымен адамның өзіне қажет. Қоғам болып тазалық мәдениетін қалыптастыруды үйренуіміз керек», — дейді Максим Синяковский.
Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлерден қашып жүрген қылмыскер жер астында жасырынған