Петропавлда 73 жастағы зейнеткер үш млн теңгесінен айырылды. Қала тұрғыны алаяқтардың сөзіне сеніп, ақшаны өзі банкомат арқылы олардың шотына аударған, деп жазады Qazaqstan Media.

73 жастағы әйелдің телефонына белгісіз біреулер хабарласып, электр энергиясына шотты тексеру керкетігін айтады. Олар «Е-salyq» қосымшасына кіру үшін sms арқылы құпия сөз келетіндігін айтқан. Кейін қарияның телефоннына басқалары хабарласып, атына біреу несие ресімдеп жатқанын айтқан. Оны болдырмау үшін несиеге алынған ақша мен қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударған жөн деген. Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша банкомат арқылы түрлі шоттарға ақшаны салған. Бұл әрекетінен банкоматқа кезекке тұрған азаматтардың бірі күдіктенеді. Себебі, қария телефон арқылы біреудің нұсқауымен ақшаны әртүрлі шотқа аударып тұрған. Қала тұрғыны жәбірленушіге ескерту жасағанымен, оны зейнеткер тыңдамапты.

«Әйел ескертуге құлақ аспаған, қырағы қала тұрғыны полицияны шақырған. Шұғыл жеткен қызметкерлер жәбірленушіні қалалық ПБ жеткізіп, оған алдаудың құрығына іліккенін айтқан. Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша үш миллион теңгені жіберіп үлгерген. Қалған екі миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен жедел әрекет еткен полицейлердің арқасында сақтап қалу мүмкін болды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеп жүргендер өз-өздерін жарақаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *