[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/C0098.MP4_snapshot_01.06.200-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Петропавлдық 33 жастағы Анастасия Глухих талантты суретшілердің бірі. Көркем суреттің бірнеше жанрын меңгерген кәсіби маман жақында Лондонда өтетін суреттер көрмесіне жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Анастасия Глухих – кәсіби суретші. Ол осы салаға бірнеше жылын арнаған. Ой-қиялынан туған картиналары түрлі тақырыптарды қамтиды. Пейзаж, портрет, натюрморт, диджитал. Бұлар қылқалам шебері жиі қолданатын жанрлар. Өзара үйлесім тапқан түстер, бай композиция көздің жауын алады. Кейіпкеріміздің айтуынша, оған өнер атасынан дарыған. Сондықтан жақындары қыздың қабілетін бірден байқап, дарынды балалар мектебіне берген. Қазір суретші шығармашылықпен бірге ұстаздықты да қатар алып жүр.
«Дарынды балаларға арналған мектепті аяқтап, өнер колледжін, одан кейін университет бітірдім. Бескөлдегі өнер мектебінде сабақ беріп жүргеніме 10 жыл болды. Қазір 50-ге жуық шәкіртім бар. Бар білгенімді соларға үйреткім келеді. Жұмыстан бос уақытымда жеке шығармашылықпен айналысамын. Қолыма қылқалам алып, ұнаған көріністі қағазға түсіремін. Соңғы кездері суретті планшетке салып жүрмін. Заманның дамығаны соншалықты, онда салған суретті әп-сәтте қағазға басып шығаруға болады. Қазір сондай суреттер сұранысқа ие»,-дейді Анастасия Глухих.
Анастасия республикалық және онлайн режимде өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Мәселен, өнер иесі «Stars of Germany» байқауында гран-при иегері атанған. Ал «Dali’s Mustache» деп аталатын жобаға қылқалам шебері екі аталым бойынша қатысып, бірінші және үшінші орындарды иеленді.
«Маған жан-жануарды салған ұнайды. Ал бұл жұмыс «Африкадағы күннің батуы» деп аталады. Мен оны Лондон көрмесіне ұсынған болатынмын. Бұл кескіндемеден ашық және жабық түстердің қалай үйлесімділік тапқанын көре аласыз. Нәтижесінде осындай картина пайда болды. Түстердің дұрыс қолданылуы суретке жан беріп тұрғандай»,-дейді Анастасия Глухих.
Суретшіге үлкен мүмкіндік сыйлаған ауқымды жобалардың бірі – «Golden Time Talant» байқауы. Ол онда өзінің «Африкадағы күннің батуы» деп аталатын туындысын ұсынған. Нәтижесінде бас жүлдені иеленіп, Ұлыбританияда өтетін көрмеге қатысуға шақырту алған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да демалыс күндері жаңбыр жаууы ықтимал
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/C0113.MP4_snapshot_00.00.426.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]