2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған жүзден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі таңда, бұл дүбірлі додаға бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да тыңғылықты дайындылып жатыр. Олардың қатарында Петропавлдық Сәния Әскер де бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Сәния бес асықпен 7 жылдан бері айналысып келеді. Қазіргі таңда, спортшы қыз Дүниежүзілік көшпенділер ойынына сақадай саймын дейді. 2 апта бойы Шучинск қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылармен жаттығыпты. Дүбірлі додаға жерлесіміз биыл ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында жоғары нәтиже көрсетуінің арқасында жолдама алған.
«Бізде 13 кезең болады. Қарсылас екеуіміз қарама-қарсы отырамыз, бізге 13 минут уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде кім 150 ұпай жинайды сол жеңіске жетеді.Жалпы 13 кезеңнің 12-ін ойнаймыз. Соңғы кезеңде бізде ұпай қағу болады. Бізде бір асық он ұпай береді. Қанша асық қағамыз сонша ұпай болады.СҚО атынан бес асыққа қыздар арасынан үш қыз болып бақ сынамақшымыз», — деді бес асықтан спорт шебері Сәния Әскер.
Тағы оқыңыз:О.Бектенов: СҚО-да өртке қарсы жер жырту жұмыстары баяу жүріп жатыр