Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханасына 54 жастағы қала тұрғыны күйік алып, жүгінген. Ол от шамымен жұмыс істеген кезде зардап шеккен. Жұмыс кезінде шам жарылып, ер адамның киіміне от тиіп, өртенген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жәбірленуші жалынды өзі сөндірген. Бірақ қатты күйік алған екен. Ер адам дереу медициналық көмекке жүгінді.
«Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, реанимацияға шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер күйік беттерін өңдеді, стерильді таңғыштар салды, жансыздандырылды, су-тұз балансын қалпына келтірді», — деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Ер адамға 1-3 дәрежелі күйік шалу диагнозы қойылды.
«Екі қол, сол жақ бөксе, жамбас және төменгі аяқтар күйіп қалды. Алғашқы күні науқас реаниматологтардың тәулік бойы бақылауында болды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны травматологиялық бөлімшеге ауыстырды», — деп толықтырды ауруханада.
Емдеуге әртүрлі бағыттағы мамандар қатысты: терапевт, эндокринолог және хирургтар. Дәрігерлер таңғыштар, жараларды күту және емдеуді реттеді. Ер адам ауруханада 25 күн өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас оқиға осы жылдың мамыр айында Петропавлда болған. Бензин құю кезінде от шаммен жұмыс істегенде, 30 жастағы ер адам күйіп қалды. Жәбірленушінің жұбайының айтуынша, оқиға болған кезде оның қолында тұтатанған темекі болған. Нәтижесінде жарылыс болды, киім өртенді. Науқас ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды

