Петропавлдық оқушылар үшін Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ашық есік күні өткізілді. Жұмысшы мамандықтары жылы асяында ұйымдастырылған шара квест түрінде өтті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Эрик Чен  Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің екінші курс студенті. Оқу ордасындағы барлық шараларға белсенді қатысады, әрі оқу үлгерімі де жақсы. Сондықтан, мектеп оқушылары ұйымдастырылған ашық есік күнінде де ат салысып, балаларға болашақ мамандықтарын таңдауда септесуде.

«Бір кездері мен де осы колледжде ұйымдастырылған ашық есік күніне келген болатынмын. Сол кезде білім ордасы, мұндағы студенттер үшін жасалған жағдай ұнады. Қазір техника-электрик мамандығы бойынша оқып жатырмын. Ашық есік күнін ұйымдастыруға ат салысудамын. Балалар біздің колледжге оқуға түссе екен деймін. Шәкіртақы, жатақхана, өндіріс зертханалары барлығы қарастырылған», — дейді Эрик Чен.

Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған шараға Петропавлдың жеті мектебінің балалары қатысты. Оларға қызықты болу үшін колледж ұжымы квест ойынын әзірлеген. Ол жеті тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма білім ордасындағы мамандықтармен байланысты.

Петропавлдық оқушылар Б. Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжіндегі квестке қатысты

«Біздің мақсатымыз — алдымен балаларға және оқушыларға колледж туралы толық ақпарат беру. Қызықтырған сұрақтарына барынша анық жауап беру. Ашық есік күні ұжым үшін маңызды шаралардың бірі. Сондықтан әр шараны ерекше өткізуге тырысамыз. Көрме, түлектертермен кездесулерді де ұйымдастарып отырамыз», — деді орта арнайы білім ордасы директорының орынбасары Татьяна Шустова.

Қазіргі кезде колледжде 980 студент білім алып жатыр. Оқу тегін. Өндірістік тәжірибеден өту барысында еңбекақы төленеді екен. Оқушылардың айтуынша, кәсіптік бағдарлау жұмыстары мектептерде үнемі жүргізіледі.

Петропавлдық оқушылар Б. Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжіндегі квестке қатысты

«Мен М. Айтқожин атындағы №1 мектепте оқимын. Кешегі күні ғана біз аталмыш колледжге экскурсияға келген болатынбыз. Болашақта зауыттардың бірінде жұмыс істегім келеді. Сондықтан техникалық колледждерде ұйымдастырылатын әр шараға қатысуға тырысамын. Колледж оқытушылары мен студенттері мектепке келіп те кездесулер өткізеді. Оқу барысы, білім ордасындағы мүмкіндіктер жайында толық ақпарат береді», — дейді ашық есік күніне келген Бадрадин Хомидов.

Петропавлдық оқушылар Б. Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжіндегі квестке қатысты

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Заң және тәртіп: Тұрақты болашаққа жол» атты шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *