СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының жастары жылды қорытындылады. Салтанатты шара барысында еңбегімен көзге түскен еріктілер грамота, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, арнайы аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты елімізде 2022 жылы құрылған болатын. Содан беріерікті жастар еліміздегі елеулі оқиғаларға белсенеараласып, қайырымдылық жасауда. Олардың күш-жігері, мейірімділектері мен ел болашағына деген алаңдаушылықтары биылғы тасқын кезінде айырықша көрінді.

Петропавлдық оқушы Асанәлі Таласпай «Жыл еріктісі» атанды

«Солтүстікқазақстандық жастардың белсенділігін жоғары бағалауға болады. Олар еліміздегі әр бастаманың бел ортасында жүреді. Қайырымдылық шараларға да ат салысады. Ұлтаралық келісімді сақтап, мәдени ортаны қалыптастыруға ат салысып келеді», «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұрұмбаев.

Көктем кезінде табиғи апатпен күресуге қала жұртшылығы жұмыла көмектесті. Әсіресе еріктілер қатарына қосылған жастар көп болды. Солардың бірі Асанәлі Таласпай. 11 сынып оқушысы анасының нұсқауымен су тасқыны кезінде қайырымдылықпен айналысуды бастапты. Бүгін ол «Жыл еріктісі» атанды.

Петропавлдық оқушы Асанәлі Таласпай «Жыл еріктісі» атанды

«Менің анам ТЖД жұмыс істейді. Тасқын кезінде маған тұрғындарға көмек көрсетуді ұсынды. Бірден келістім. Бұл бастаманы мектеп директоры да қолдап, батасын берді. Менің түсінгенім, әр адам қайырымды, мейірімді болу керек. Болашақта осы игі іс жасауды жалғастыратын боламын», — деп отыр Асанәлі.

Сонымен қатар салтанатты шарада, жыл жаңалығы, әлеуметтік үлес, жылдың қуаты, инициативті көшбасшы, өнеге болар тұлға сынды аталымдар бойынша үздіктер анықталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ағайынды жігіттер 20 күнге қамауға алынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *