Петропавлдық мультипликатор Евгений Зиновьевтың «Қазақфильммен» бірлескен жобасы жарыққа шықты. Мультсериалдың пилоттық шығарылымын YouTube-те көруге болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жерлес мультиплиактордың «Қазақфильмге» жолдаған жобасы ел бойынша іріктеліп алынған 20 анимациялық пилоттық шығарылымның ішіне енген. Осылайша, Евгений Зиновьевтің еңбегі зая кетпей, көптен бергі арманы орындалды.
«Қазақфильммен» бірлесіп жасалған жоба тархиқа, мәдениетке бағытталған. Мультсериалдың басты кейіпкерлері – Асхат пен Федор есімді оқушылар. Олар жазғы археолоиялық лагерьге барып, шытырман оқиғаларға тап болады. Оқиға Солтүстік Қазақстанда орналасқан Ботай қонысында өрбиді.
«Менің портфолиомда 200-ден астам жұмыс бар. Жалпы хронометраж ондаған сағатты құрайды. Ботай мәдениеті жайлы жобаны үш ай бойы жасадым. Оған дейін бірнеше жыл өз жобаларымды жарыққа шығару мүмкіндігін іздедім. Егерде қазір көрермендер саны көп болса, жобаны маусым бойы көрсетуі мүмкін», -дейді Евгений.
Мультипликатордың негізігі мамандығы тіс дәрігері. Бірақ ол үнемі жанына жақын іспен айналысуды армандаған. Сөйтіп, анимация бойынша арнайы курстарды тәмәмдап, қазір шығармашылыққа бет бұрған. Бүгіндері Евгеий Зиновьев тағы 3 жобаны жасап жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның жаңа әкімі апта сайын құрылыс жұмыстарын тексермек