Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2025» чемпионатында 2 алтын және 1 қола медаль еншіледі. Бүгін жеңімпаздар үйге оралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кіл үздіктер сынға түскен сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегері — өзге жастарға үлгі. Кеше ғана Астанадан келген қатысушылар бүгін қатарластарымен кездесіп, әсерлерімен бөлісті.

Петропавлдық колледж студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық байқауында көшбасынан көрінді
Петропавлдық колледж студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық байқауында көшбасынан көрінді

«Біздің колледж студенттері бұл чемпионатқа 2021 жылдан бері қатысып келеді. Бастапқы уақытта тек жүлдегерлер қатарынан көріндік. Ал соңғы 2 жылда ұл-қыздарымыз жеңіс тұғырының биік сатысынан көрініп жатыр. Бұл мақтанарлық нәтиже деп білеміз. Студенттерге баршамыз алғыс айтудамыз», — Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің директоры Анатолий Фурманюк.

Алтыннан алқа таққан жастың бірі — Василий Шабанов. Ол республикалық чемпионатқа осымен 3-ші рет қатысып отыр. Былтыр «Токарлық станоктағы жұмыс» аталымында үздік атанды. Осылайша еліміздегі үздік 100 студенттің қатарына кірді. Ал биыл Василий өз бағын басқа бағытта сынап көрген.

Петропавлдық колледж студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық байқауында көшбасынан көрінді
Петропавлдық колледж студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық байқауында көшбасынан көрінді

«Биыл «Станоктардағы фрезерлік жұмыстар» номинациясы бойынша қатыстым. Бізге сызба берілді, соған қарап бөлшектерді дұрыс құрастыру керек болды. 11 қарсыласыммен бәсекеге түстім. Барлығы білімді, білікті жастар. Өзім дәстүрді додаға 9 ай көлемінде дайындалдым. Бүгін осы еңбегімнің жемісін көріп отрымын», — деді жеңімпаз.

«WorldSkills Kazakhstan-2025» чемпионаты желтоқсанның 3-і мен 9-ы аралығында Астанада өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам ұл-қыз қатысты. Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінен 6 студент 5 түрлі номинация бойынша бақ сынаған.

«WorldSkills Kazakhstan-2025» жарысына өңіріміздегі 5 колледждің 20-дан астам студенті қатысты. Қоржынға жалпы саны 3 алтын жүлде түсті. Дәстүрлі байқау — жастарға мол мүмкіндік сыйлайтын сайыс. Жеңімпаздар 2026 жылы Қытайда өтетін халықаралық «WorldSkills» чемпионатында еліміздің намысын қорғамақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның индустриялық серпіні: екі жылда өндіріс көлемі 1,5 есеге артты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *