Биыл 12-ші мамырда елімізде алғаш рет «Аналар күні» тойланды. Осыған орай, еріктілер Петропавлдағы «Аналар үйіне» барып, қиын жағдайға тап болған әйелдерге киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттарды табыс етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қиын жағдайға тап болған жандарға қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері арнайы барып мерекемен құттықтады. Белсенді жастар мұндай игі іс жасауды дәстүрге айналдырған.

Петропавлдық еріктілер «Аналар үйіне» барып, мерекемен құттықтады

«Аналар үйі» қоғамдық қорының құрылғанына — 11 жыл. Аталмыш орталық осы уақыт ішінде қиын жағдайға тап болған 200-ге жуық анаға көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта бұл жерді екі әйел және төрт бала паналап отыр. Солардың бірі – Александра Филиппова. 22 жастағы келіншек мұнда екі баласымен тұрып жатыр.

Петропавлдық еріктілер «Аналар үйіне» барып, мерекемен құттықтады

«Отбасы мүшелерімен қарым-қатынасым бұзылды. Сосын балаларыммен жалғыз қалғандықтан, аналар үйін паналауды жөн көрдім. Қазір үлкен баламның жасы 4-те, ал кішкентайыма — 4 ай болды. Біз мұнда жарты жыл тұрып жатырмыз. Барлық көмек көрсетіліп жатыр», — деді Александр Филиппова.

Тағы оқыңыз:СҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x