Петропавлдық ефрейтор республикалық байқауда үздік атанды

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының аға маманы Марат Сүндетов музыкалық байқауда топ жарды. Ол 16 әскери қатысқан республикалық конкурста гран-при ұтып алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әскери музыканттар арасындағы аталмыш байқау биыл алғаш ұйымдастырылған. Өңіріміздегі жалғыз әскери оқу ордасының намысын Марат Сүндетов қорғаған. Орал өңірінің тумасы әскери мамандықты таңдағанға дейін, туған қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде білім алыпты. Сондықтан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлдесі үшін ұйымдастырылған байқауға жаздан бері жіті дайындалған.

Петропавлдық ефрейтор республикалық байқауда үздік атанды

«Бұл менің алғашқы байқауым. Ол екі кезеңнен тұрды. Алғашқысы онлайн түрде қыркүйек айында болды. Біз өз өнерімізді видеоға түсіріп жібердік. Онда екі композицияны орындадым. Қазылар алқасы менің орындауымды жоғары бағалап, екінші кезеңге өткенімді хабарлады», — дейді Ұлттық ұлан академиясының аға маманы Марат Сүндетов.

Әскери қызметкер бір ай бойы ақтық сынға дайындалған. Ол үрмелі аспап, трубада ойнайды. Осылайша, 13 жылдық әскери қызметіндегі алғашқы байқауына қатысып, бірден гарн-при ұтып алған.

«Финалға шыққандардың барлығы мықты музыканттар. Араларында консерватория бітіргендер де бар. Мен барымды салдым. Қатысушылар үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындау шеберлігін көрсетті. Бәсекелестік жоғары болды. Бірақ, менің бағым жанып бас жүлдені алдым», — деді Марат Сүндетов.

Бірінші және үшінші орынды Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінің музыкант мамандары иеленсе, екінші орынды Астанадағы 5573 әскери бөлімінің ән-би ансамблінің аға маманы Диана Рүстембекова алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Ауыл» партиясы студенттік құрылыс жасағының мүшелерін марапаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x