Петропавлдағы перинаталдық орталық дәрігерлері 600 грамм болып туған баланы аман алып қалды. Шақалақ бірнеше ай бойы мамандардың бақылауында болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қуанышты жаңалықты перинаталдық орталық мамандары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. 600 грамм боп туған нәрестенің өмірі үшін дәрігерлер ұзақ уақыт бойы күрескен.

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. 600 грамм болып туған сәбиді анасымен үйіне шығардық», — деп жазылған жазбада.

Нәресте 19 тамыз күні дүниеге келген. Ол кезде салмағы 667 грамм болыпты. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Сәби салмақ қосқасын, үйіне шығарылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 102 науқас ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x