Петропавлдық боксшы азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында  ХІХ жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Байрақты  бәсекеде  облыс атынан 7 спортшы аттанып, өз  бақтарын сынады. Олардың  арасында былғары қолғап шебері Наталья Богданова да бар. Жерлесіміз бұл жолғы  бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, қола медальды еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Наталья Богданова  бокспен 17 жасынан бастап айналысып келеді. Содан бері бірқатар  республикалық, халықаралық додалардан жүлделі оралып жүр. Бұған дейін  жерлесіміз «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде де 66 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, алтын медальға қол жеткізген еді. 

 «Мен үшін Азия ойындары өте маңызды болды, қатты қобалжыдым. Жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салдым. Алдағы уақытта бұдан да  жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысып бағамын.»,-дейді Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова.

Бапкері Дастан Қабденовтың    айтуынша, боксшы Ханчжоуда 3  жекпе-жек өткізді. Алғашқы айқасында Сауд Арабиясының өкілін мерзімінен бұрын жеңсе, ширек финалда Моңғолиялық спортшысынан басым түсті. Ал жартылай финалда  есе жіберді. Бұл бәсі биік бәсекеге  былғары қолғап шебері алтын медальды иелену үшін мықтап дайындалған. 

«Қола  жүлде – біз үшін жақсы көрсеткіш. Себебі,  бұл біздің  ең алғашқы, ең  үлкен жарысымыз.  Азия ойындары 4 жылда бір өтеді. Сондықтан  еліміздің намысын қорғау жолында  ең мықты деген спортшыларды жинадық.»,-дейді Н.Богданованың бапкері Дастан Қабденов. 

Натальяның ендігі мақсаты-   2024 жылғы  Олимпиада ойындарында үздік нәтижеге қол жеткізу.  Спортшы онда алтын медаль иеленіп, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін  қателіктермен жұмыс істеп, дайындықты үдете түспек.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x