Сирек кездесетін жүрек ауруына шалдыққан петропавлдық баланың дәрісіне жергілікті бюджеттен ақша бөлінбек. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов, көмек сұрап келген баланың анасына айтты. Себебі, бала қабылдап жүрген қымбат дәрі елімізде тегін берілмейді, деп хабарлайды Qazaqtan Media.

Мадиан Тюгумбаева облыс әкімі орынбасарының қабылдауына баласына көмек сұрай келген. Оның  баласы туа біткен жүрек ауруына шалдыққан. Үнемі дәрі қабылдауы қажет. Ота жасауға да келмейді. Тек жүрегін ауыстырып қана емдеуге болады екен. Бірақ, оның өзіне науқастың денсаулығы шыдас бермеуі мүмкін.

«Біз жас отбасымыз. Осы күнге дейін ешкімнен көмек сұраған емеспіз. Өз күшімізбен Түркиядан дәріні сатып алып жүрдік. Ол дәрі біздің елде тіркелмеген. Денсаулық сақтау басқармасына дәрі беруді өтініп бірнеше рет хат жаздым. Алайда, олар біз ішетін дәрі тегін берілетін медикаменттердің тізімінде жоқ екенін айтты. Сатып алынған соңғы қорапты ішіп бастадық. Жазда тағы медициналық тексерістен өтеміз. Одан кейін дәрінің дозасы да өзгеруі мүмкін. Осы мәселені шешіп берсеңіздер деймін», — дейді қала тұрғыны Мадиан Тюгумбаева.

Анасының айтуынша, баланың қозғалысы ширақ, қатарластары секілді балабақшаға да барады. Бірақ, көп жүрсе ентігіп, жүрек қағысы жиілеп кетеді екен. Себебі, оның жүрегі үш камералы.

Петропавлдық баланың еміне қажетті қымбат дәріні әкімдік алып бермек  
Петропавлдық баланың еміне қажетті қымбат дәріні әкімдік алып бермек

«Сіздің жағдайыңызды білеміз. Хатыңызды да алдым. Шынымен де, дәрі тегін берлімейді. Қымбат дәрілердің қатарына жатады. Оны шешудің бір жолы-жергілікті бюджеттен ақша бөлу. Осы мәселені облыстық маслихат отырысына шығарып, ақша бөлуді талап ету керек», — деп өз ұсынысын айтты СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижанов.

Бұл ұсынысты Рүстем Құрманов құп көріп отыр. Себебі сирек ауруға шалдыққан балаларға жан-жақты қолдау керек, дейді облыс әкімінің орынбасары.

Тағы оқыңыз: СҚО-да спортшыларды даярлауға бөлінген қаржы тиімді жұмсалмай келген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *