Петропавлда балаларды қорғау күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Қаланың орталық алаңында облыстық ТЖД қызметкерлері бүлдіршіндерге  құтқаруға арналған киімдерін көрсетіп, техникамен таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көрмеде өрт сөндіру, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары кеңінен таныстырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың төтенше жағдайлар туралы түсінігін арттыру, оқыс оқғалар бола қалған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету және құтқарушылардың жұмысымен таныстыру.

«Мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз. Балалар біздің мамандық туралы көбірек біліп, оның маңызын түсінгенін қалаймыз. Бүлдіршіндер қызығушылықпен қарап, ерекше әсер алғанын байқадық», — деді СҚО ТЖД басқармасы басшысының орынбасары Болат Жұмажанов.

Петропавлдық балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты
Петропавлдық балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

Кішкентай қонақтар арнайы көліктерді тамашалап, өз қолдарымен ұстап көріп, мамандардың жұмысымен жақынырақ танысты. Құтқарушылардың жұмысына ерекше қызығушылық танытқандардың бірі — Мадияр Уап. Оқушы өрт сөндірушілердің киімін бірінші рет киіп көрген. Мадияр құрылғының ауыр екенін айтуда.

«Өрт сөндірушілер шақыртауға шыққанда осы киімді киіп жүреді. Өте ауыр екен. Бірақ мен үшін киіп көру қызықты болды. Мен өскенде құтқарушы болғым келеді», — деді мектеп оқушысы.

Петропавлдық балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты
Петропавлдық балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

Мамандардың айтуынша, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

 

Тағы көріңіз: Петропавлда халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған велошеру өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *