Петропавлда пәтерлерінде қарасора өсіріп, бизнес жасаған бес жігіт ұсталды. Баспаналарын «фитоесірткізертханасына» айналдырған тұрғындардан 22 түп қарасора, 265 грамм гашиш пен марихуана тәркіленді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қарасора өсіріп, баспаналарын фитозертханаға айналдырғандар 27 мен 47 жас аралығындағы ер адамдар болып шықты. Оларды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған.

«Тексеру кезінде олардың үйлерінен жарықтандыру және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған «фитоесірткізертханалары» табылды. Бірнеше күннен кейін осындай іс-әрекетпен айналысқан 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оның пәтерінен де құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған жабдықтар, тұқымдар мен қарасора өсіндісі табылды», — деп хабарлады СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Барлығы полицейлер 22 түп қарасора және 265 граммға жуық марихуана мен гашиш тәркіледі. Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша тергеу жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт бірдей шаруашылық 254 қызметкерінің жалақысын үш айға кешіктірген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *