Бүгіндері қаланың құрылыс жоспарына сай 8 жоба әзірленіп жатыр. Кейін олар петропавлдықтардың қоғамдық талқылануына ұсынылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі Серік Мұхамедиев шаһардың дамуына қатысты жоспармен бөлісті. Қазіргі таңда Петропавлда 47 үй салынып жатыр. Оның 18-і бюджет қаражатына тұрғызылуда. Қалғаны коммерциялық баспаналар. Жалпы, биыл 20 көпқабатты үйді қолданысқа беру жоспарланған. Яғни, 2000 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.
Сонымен қатар, инженерлік желілерді салу мәселесі де қатаң бақылауға алынады.
«Сондай-ақ қазіргі таңда қаланың құрылыс жоспарына сәйкес 8 жоба әзірленуде. Оларды жүзеге асыру кезінде нүктелік құрылыс мәселесі ескерілетін болады. Жобалар қоғамдық талқылауға ұсынылады», — деді қала басшысы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да тұтынушылар құқығын бұзған 10 кәсіпкер айыппұл төледі