Петропавлда бес компания қоқыс шығарумен айналысады. Олар 142 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Алайда, коммуналдық қызметтер үшін бәрі бірдей ақы төлей бермейді. Әсіресе, жеке сектор тұрғындарының қарызы көп, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, Петропавлда қоқыс шығаратын компаниялар ресми түрде 142 мың абонентке қызмет көрсетеді. Бірақ облыс орталығы тұрғындарының саны бұдан 60 мыңға көп.
«Демек, қоқыс шығаратын компаниялардың нақты жұмыс көлемі әлдеқайда көп, бұл қызметтердің жұмысын қиындатады. Сонымен қатар қызмет үшін төлем жасамау мәселесі де бар. Бүгінгі таңда барлық компаниялар бойынша борыш шамамен 70 млн теңгені құрайды. Қызмет үшін негізінен, жеке сектор тұрғындары қаржы төлемейді», — дейді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Петропавлдықтар «КоммунСевер» ЖШС 5,8 млн теңге, «Мюльсервиске» 24,2 млн теңге, «Тұрғын үй қызметіне» 6,8 млн теңге, «Таза Петропавлға» – 4,5 млн теңге, «Коммунхозға» – 28,1 млн теңге қарыз болып шықты.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы көпбалалы отбасыда 19-шы сәби дүниеге келді