Петропавлда «Менің арманымдағы қала» атты суретшілер байқауы өтті. Шараға 40-қа жуық ұл-қыз қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл жолғы шара ерекше болды. Ұл-қыздар ақ қағазға емес, асфальт үстіне өзі арманындағы қаланы салды. Айта кету керек, шара Астана күніне орай өткізіліп отыр. Сол себепті, қатысушылардың арасынан елордамыздың басты символы Бәйтеректі бейнелегендері көп болды.

 
Петропавлдық жеткіншектер асфальт үстіне арманындағы қалаларын салды
Петропавлдық жеткіншектер асфальт үстіне арманындағы қалаларын салды

«Бұл шара арқылы біз жасөспірімдердің Петропавлға деген сүйіспеншілігін оятқымыз келді. Одан қалды, ұл-қыздардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған. Мұндай байқаулар жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыруға көмектеседі»,- деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Шара соңында өнерлі жеткіншектерге тәтті сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қысқы мал азығы 30% дайын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *