Қазақстанда ажырасу саны артып барады. Бұл мәселеге «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы мен Қазақстан Халық партиясы Әйелдер қанаты алаңдап отыр. Сондықтан олар  Петропавл қаласында кездесу өткізіп, өзекті проблеманы талқылады, деп жазады Qazaqstan Media.

Кездесу барысында қатысушылар отбасылық құндылықтарды сақтау, ажырасудың алдын алу және отбасыларға қолдау көрсету жолдарын талқылады. Сарапшылар ажырасудың басты себебі ретінде туыстардың ортаға түсуін көрсетіп отыр.

Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы өңірде 707 неке бұзылған. Ал биыл 257 жұп ажырасты.  Некеде болу ұзақтығы бойынша ең осал кезең – алғашқы 4 жыл дейді мамандар. Көп жағдайда 25-34 жас аралығындағы әйелдер мен 30-39 жас аралығындағы ерлер ажырасады екен.

«Соңғы жылдары некенің бұзылуы жиілеп барады. Бұл үрдіс әсіресе жас отбасылар арасында байқалады. Петропавлдағы  жұптардың 8% отбасылық өмірдің алғашқы жылында-ақ ажырасып кетеді екен. 25 жасқа дейін некеге тұратын жас жұптар көбіне тұрақсыз жұмыс пен қаржы тапшылығы сияқты экономикалық қиындықтарға тап болады. Бұл күйзеліске әкеліп, соның салдарынан отбасылар ажырасып тынады», — дейді Петропавл қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Әсел Хамзина.

Іс-шараға тәжірибелі отбасылық психолог, кәсіби медиатор, сондай-ақ Аналар кеңесі мен Әжелер мектебінің өкілдері қатысты. Олар отбасылық институтты нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салды.

 

Тағы көріңіз: Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *