Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының 78 курсанты алғаш рет референдумға қатысты. 655-ші референдум учаскесі таңғы алтыда ашылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы ҰҰ академиясында орналасқан 655-ші референдум учаскесі алғашқылардың бірі болып өз жұмысын бастады. Мұнда комиссия мүшелері дауыс берушілерді таңғы алтыдан қабылдап жатыр.

Петропавлдағы ҰҰ академиясының 78 курсанты бірінші рет дауыс берді

«Біздің академия аумағындағы референдум учаскесінде 596 адам дауыс береді. Оның ішінде курсанттар, әскери қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері бар. Бір сағат ішінде 200-ге жуық азамат таңдау жасап үлгерді», — деп мәлімдеді 655 референдум учаскесінің төрағасы Ерден Балғымбаев.

Академияда 78 курсант алғаш рет дауыс берген. Солардың бірі Өскеменнің тумасы — Данияр Оралғазы.

Петропавлдағы ҰҰ академиясының 78 курсанты бірінші рет дауыс берді

«Мен 17 жасымда осы академияға оқуға түстім. Кәмелет жасқа биыл толып, алғаш рет референдумға қатысып отырмын. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын. Бұл еліміз үшін маңызды саяси оқиға», — дейді курсант.

Ұлттық ұлан академиясындағы референдум учаскесінде дауыс беру үрдісі заң талаптарына сай өтіп жатыр.
Петропавлдағы ҰҰ академиясының 78 курсанты бірінші рет дауыс берді

Тағы оқыңыз: СҚО-да барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x