Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында курсанттар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға 10 сәуір күні оқу ордасының аумағында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Академияның баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске бірінші курс курсанттары қатысқан.
«Оқиға нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл жарақат алды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындамады», — делінген Ұлттық ұлан академиясының хабарламасында.
Алайда кейбір Telegram каналдарында бір курсанттың мұрны сынған деп жазылған. Оны облыстық көпбейінді ауруханада анықтаған. Сондай ақ, төбелеске 20 курсант қатысқаны белгілі.
Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Төбелесті бастаған курсанттар академиядан шығарылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті