Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірқатары жылыту маусымына дайын болмай шықты. 7 баспанада әлі күнге дейін тиісті шаруа жасалмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңірдің жылыту маусымына дайындығын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин баяндады. Оның сөзінше, Петропавлда 1164 көпқабатты үй болса, соның 1135-і орталық жылыту жүйесіне қосылған. Бірақ олардың барлығы бірдей маңызды науқанға дайын емес. 7 үйде әлі күнге дейін жуып-шаю жұмыстары жүргізілмеген. Ал алдағы күндері жылу біртіндеп беріле бастайды.
«Жылыту маусымы әдетте, қыркүйектің 15-сінде басталатын. Бірақ соңғы жылдары жылу 20-сынан кейін беріліп жүр. Барлығы ауа райына байланысты. Үш күннің ішінде ауа температурасы + 8 градустан көтерілмесе, онда алдағы уақытта жылу беріледі. Соған дейін қалған баспаналар дайындық шараларын аяқтауы тиіс», — дейді Владислав Лукин.
Ал қаладағы әлеуметтік нысандардың барлығы жылыту маусымына әзір.
Тағы оқыңыз: Ата-аналар: оқулықтар оқу бағдарламасына сай емес