Петропавл маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонда оқыс оқиға орын алды. Салдарынан 23 жастағы ер адам дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алдын ала болжам бойынша ер адамға оқ тиген.

Көбі сенбеуі мүмкін, оқиға жол бойында немесе ойын-сауық орталықтарында емес, қоқыс полигонында орын алған. Оқиға алтыншы тамыз күні болды. Оны полиция департаменті растады.

«Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Қазір мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деп қысқа қайырды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында жастар спартакиадасы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *