Петропавл қалалық мәслихатының отырысында  тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған уақытша орналастыру пункітінің жұмысы қаралды. Сонымен қатар,қаңғыбастарды бейімдеу мен әлеуметтендіру мәселесі де көтерілді. Себебі қабылдау-тарату пункті ескірген, бейімдеу орталығы қала қаңғыбастарына тар, деп жазады Qazaqstan Media.

Көп жылдан бері С.Мұқанов көшесі, 39а мекенжайында орналасқан полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының кеңейту мәселесі шешілмей отыр. Бұл ғимарат – революцияға дейінгі кезеңде салынған, тек 30 орынға есептелген. Төрт камера бар, жалпы ауданы – 72,8 м². Бұл тұрғылықты мекендайы жоқ  адамдар үшін тар. Себебі олардың саны артып келеді.  Ресми дерек бойынша – 123 адам, бейресми – 200-ден астам азаматтың барар жері, басар тауы жоқ.

Сонымен қатар, қажетті тұрмыстық және қойма бөлмелері жоқ. Екі қабатты кереуеттер болғанымен, мұнда келетін көбісі қарттар мен мүгедектер, олар жоғары көтеріле алмайды. Орталықта 2013 жылдан автокөлік жоқ. Қазіргі уақытта жауапты органдарда бұл мәселені шешуге қатысты нақты жоспар немесе жоба жоқ екен.

«Жұмысшы кентіндегі Разъезд 2629 км/24А мекенжайында орналасқан  «Петропавл қаласы әкімдігінің әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ жанындағы түнгі («жылы») қабылдау бөлімін де кеңейту  қажет. Бір қабатты, пешпен жылытылаады. Гигиеналық жағдай жасалмаған. Бар-жоғы 50 орынға арналған. 2024 жылы бұл бөлімде 4 332 адам болған. Қабылдау уақыты – 18:00-ден 06:00-ге дейін. Күн қысқарғанда адамдар 15:00-де келіп, 18:00-ге дейін қала маңында кезіп жүреді, кейде құқық бұзушылыққа барады. Үсікке шалдыққан, күйіп қалған адамдардың саны артып келеді»,-дейді қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері.

Бұл ғимаратта су кәріз жүйесі, ас бөлмелері жоқ. Тұрғындарға төсек, ыдыс, жеке гигиена құралдары берілмейді. Қауіпсіздікті қарапайым күзетшілер қамтамасыз етеді екен.

Сонымен қатар, түнгі бөлім жұмысында бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Мекеме қызметкерлері полицейлердің  ішімдік пен есірткіге мас болған адамдарды себепсіз әкеліп тастайтынына шағымдануда. Бұл мекемеде ондай адамдарды қабылдауға тыйым салынған. Кейде олардың құжаттары мен тұрғын үйлері бар болып шығады.

«Қала әкімдігіне, полиция басқармасына және облыстық департаментке қабылдау-тарату орнын басқа ғимаратқа көшіріп, сыйымдылығын 100 адамға дейін және түнгі  қабылдау бөлімін 50 адамға дейін кеңейту керек. Түнгі бөлімнің жұмыс уақытын 18:00-06:00-ден 15:00-08:00-ге ауыстыру қажет.  Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен күзетшілермен жабдықталсын. Бейімдеу орталығына екі көлік (жеңіл және көтергіш механизмі бар жүк көлігі) бөлу қажет»,- деген ұсыныстарды қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияы жасады.

Сонымен қатар, түнгі бөлімде үнемі ыстық тамақ беруді , кәсіби психологттың болуы,  үйсіз адамдардың жиі жиналатын жерлерін анықтап, жүйелі рейдтер жүргізу керектігі де айтылды.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында жаңа мәдени-демалыс орталығы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *