Сот өздерін Қазақстаннан тәуелсізбіз деп жариялаған Петропавлдағы сепаратистік ұйымның 3 мүшесін 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осыған дейін «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғандығын хабарлаған болатынбыз. Оларға ҚР Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі (қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) бойынша айып тағылып отыр. Ал 2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тағы оқыңыз: Бүгін Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді