Петропавлдағы Киров зауыты дрон жасауды қолға алмақ

Петропавлдағы «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ елордалық Сleverest Defence Systems компаниясымен бірлесіп, дрондар шығаруды жоспарлап отыр. Оны оқу барысында ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қолданбақ. Қазірдің өзінде үш жақ ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Астаналық компания Ұлттық ұлан академиясына ұшқыштарды оқытуға арналған спорттық FPV-дронын таныстырған. Мұндай оқу дрондарының өндірісі алдағы уақытта Петропавлда іске қосылуы мүмкін. Дрондар мен антидрондар «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ жасалмақ.

«Осы уақытқа дейін зауыт жүйелік блоктар мен ноутбуктер, құлаққаптар өндірісін табысты іске асырды. Біздің кәсіпорында баспа платалары дайындалуда. Өндіріс орны белсенді дамып келеді, біз түрлі өнімдерді шығарамыз. Бүгіндері зауыт әртүрлі типтегі дрондарды жасау үшін қажетті білімі бар, инженерлік-техникалық мамандарды жұмысқа алып жатырмыз. Кәсіпорында 3D принтерлер және өнімнің алғашқы үлгілерін жасауға арналған басқа да қажетті жабдықтар бар. Жақында біз бірлескен жұмысымыздың нәтижелерін жариялаймыз деп ойлаймын», — деді «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов.

Ал жиынға қатысқан «Cleverest Defence Systems» ЖШС коммерциялық директоры Евгений Лукашовтың айтуынша, бұған дейін конструкторлық бюро ретінде жұмыс істеген компания антидрондар жасаған. Енді міне, дрондар жасауды қолға алыпты.

Петропавлдағы Киров зауыты дрон жасауды қолға алмақ

Жиналған қонақтар Академияны аралап, музейде болды.

Тағы оқыңыз: СҚО дәрігерлері пышақ жарақатын алған науқасқа 17 тігіс салды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x