Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы тәулік бойы ақыл-ойында кемістігі бар қарттарға күтім жасайды. Алайда, қазіргі уақытта бұл мекеме бірқатар күрделі мәселелерге тап болып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мекеме — мемлекеттік емес, жекеменшік. Мүмкін содан ба орталықта бірқатар өзекті мәселе бар. Толығырақ айтсақ, жалға алу ақысының өсуі мен орын санының тапшылығы.

Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында орын тапшы
Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында орын тапшы

«Орталық 2022 жылы ашылған. Қазіргі таңда мұнда диагнозы әртүрлі 15 қартқа күтім жасалады. Олардың басым бөлігі деменцияға шалдыққан. Барлық шығынды егде тұрғындардың балалары мен туыстары өтейді. Мекемеде бос орын жоқ. Салдарынан аға буын өкілдерін қабылдау мүмкін болмай тұр»,-деді орталық директоры Лилия Даниленко.

Аталған мәселелерді шешу мақсатында және аға буын өкілдерінің жағдайымен танысу мақсатында облыстық «AMANAT» партиясының өкілдері орталыққа барды. Мекемедегі ең өзекті түйткілдердің бірі — жалға алу құнының үнемі көтерілуі. Басшылық бұл қиын жағдайдан шығу үшін жаңа ғимарат іздеп жатқанын айтады. Бірақ, қазіргі уақытта қалалық коммуналдық меншіктен тиісті нысан табылмай отыр.

Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында орын тапшы
Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында орын тапшы

«Бұл жай ғана мекеме емес, мұнда егде адамдарға қажетті күтім мен қамқорлық көрсетіледі. Орталықтың жұмысы міндетті түрде жалғасуы керек. Партия тарапынан қолдан келген көмекті көрсететін боламыз, -деді «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Облыстық мәслихат депутаты Галина Семёнованы да бұл мәселе қатты алаңдатады. Шешу мақсатында ол жауапты органдардың барлығына жүгінемін, дейді.

«Бұл жағдайға бейжай қарамауымыз керек. Денсаулық сақтау басқармасына жаңа ғимаратты жалға беру мүмкіндігін қарастыру туралы депутаттық сауал жолдаймын. Материалдық жағынан да көмек көрсететін боламыз, деді облыстық мәслихат депутаты Галина Семёнова».

Орталықта қиындықтарға қарамастан қарттарға бар жағдай жасалуда. Мұнда бақылауға арналған витражды терезелері бар бөлмелер, асхана, іс-шаралар залы және кір жуатын орын қарастырылған. Тұрғындар күнделікті гигиеналық күтіммен қамтылып, тұрақты медициналық тексеруден өтеді.

Тағы оқыңыз: Интернетте 16 миллион қазақстандықтың  ЖСН мен телефоны жария болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *