Биыл өңірде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар саны едәуір артқан. Сәйкесінше Шымкент, Түркістан бағытындағы әуе рейстеріне деген сұраныс та көп. Енді тұрғындар Петропавлдан Шымкентке дейін емін-еркін қатынай алады. Себебі, бүгіннен бастап «Қызыл-жар» халықаралық әуежайында жаңа әуе бағыты ашылды. Енді екі қала арасында аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing ұшағы ұшатын болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін сағат түскі 3 шамасында әуежайға Шымкенттен алғашқы ұшақ келіп қонды. Әуе кемесі адамға лық толы болды. Мамандардың мәлімдеуінше сатылымның кеш ашылғанына қарамастан, жүздеген билет әп-сәтте сатылып кеткен.

Петропавлдан Шымкентке ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды

«Мен Түркістаннан келіп отырмын. Осында менің ұлым мен келінім «Серпін» бағдарламасы арқылы грантпен оқып жатыр. Ұшақ өте ыңғайлы екен. Барлығы жақсы. Мен ұшаққа алғаш рет отырдым», – деді Түркістан облысының тұрғыны Күнсұлу Тәжімәмирова.

«Біз бұрын тек пойызбен ғана жүретін едік. Балалармен жүру өте қиын болатын. Қазір жаңа әуе рейсі ашылып, ыңғайлы болды. Екі сағатта жетесің, бағасыда қымбат емес»,- деді Жамбыл ауданының тұрғыны Динара Сыздықова.

Билеттің құны 25 мың теңгеден басталады. Ал жолаушыларды SCAT әуе компаниясы тасымалдайды.

«Осыған дейін Түркістанға әуе рейстері болған еді. Бірақ қазір тоқтап қалды. Енді әкімдіктің арқасында Шымкентке жаңа әуе бағыты ашылды. Аптасына 2 рет ұшады. Егер жолаушылар саны артып жатса әуе рейстерінің саны артуы мүмкін», – деді «Қызыл-жар халықаралық әуежайы» ЖШС инвестор өкілі Евгений Тюрморезов.

Жалпы «Қызыл-жар» халықаралық әуежайынан ұшақтар барлығы 3 бағытта қатынайды. Шымкенттен бөлек Алматы және Астана қалаларына әуе рейстері бар. Серіктестікте 100-ге жуық маман еңбек етеді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да екі бала суға батып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x