Қазіргі кезде Петропавлдағы халықаралық әуежайдан төрт бағытта ұшақ қатынасы бар. Алдағы уақытта оған Ақтау қаласында дейінгі рейс қосылуы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media.
Бүгінгі таңда Петропавлдан Астанаға күн сайын ұшақ қатынасы бар. Алматыға аптасына төрт рет әуе кемесі қатынайды. Шымкентке аптасына екі рейс қарастырылған. Сонымен қатар, Шарм-эш-Шейхқа жазғы демалыс кезінде әуе рейсі ашылған болатын. Тұрғындар тарапынан сұраныс болғандықтан, шет елге әуе қатынасы Жаңа жылға дейін ұзартылыпты. Алдағы уақытта жаңа рейстерді ашылу қарастырылып жатыр екен. Бұл туралы облыс әкімі tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Шарм-эш-Шейхқа 10 күн сайын әуе қатынасы ұйымдастырылған. Қазір тағы бір бағыт бойынша рейс ашу қарастырылуда. Ол Ақтау қаласына болмақ. Себебі Ақтау портты қала. Ал біздің кәсіпкерлердің көбі, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарымыздың басым бөлігі бидайды жеткізу үшін порттармен келісімдері бар. Сондықтан Ақтауға рейс ашу мәселесі шешіліп жатыр»,-деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Осыдан бес жыл бұрын әуежайдан ұшақтар бір-екі бағытта ғана ұшатын болса, бүгін рейстер саны артып келеді, деп атап өтті облыс әкімі. Сонымен қатар, ол егер сұраныс болса Түркияға да әуе кемесі ұшуы мүмкін, деп отыр.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданындағы тағы бір ауыл орталықтандырылған сумен қамтылды

