Петропавл қаласындағы «Радуга» серіктестігінің басшысы Дмитрий Шарапаев Конституциялық өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді қолдайтынын жеткізді. Кәсіпкердің пікірінше, елдің құқықтық негізін жаңарту — азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау және жастарға айқын мүмкіндіктер қалыптастыру үшін қажет, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы ең ірі кәсіпорындардың бірінің жетекшісі 30 жыл Ата заңға ауқымды құқықтық өзгерістердің қажет екенін айтты. Дмитрий Шарапаевтың сөзінше, әлем қарқынды өзгеріп жатыр, сондықтан заңнама да өткен шақта қалып қоймауы тиіс. Жаңартылған Конституция экономикалық сектор үшін де, қарапайым азаматтар үшін де маңызды болатын анағұрлым ашық «ойын ережелерін» ұсынады. Ол әсіресе әлеуметтік қорғалуға және өскелең ұрпақтың дамуына жағдай жасауға баса назар аударды.

«Менің ойымша, сол кезде қабылданған көптеген шешімдер дәл сол уақыт үшін өзекті болды. Қазір бірқатар мәселелерді қайта қарау қажет — бұл заман талабы. Жаңа Конституцияда көзделген нормалар — жастарға бетбұрыс, әлеуметтік қорғалуға бағытталған қадам», — деді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол отандастарын азаматтық жауапкершілік танытып, дауыс беру учаскелеріне келуге шақырды. Еске салайық, республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға 57 ветеринарлық бекет сатып алынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *